Қазақстандықтар несиені көп алатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар несиені көп алатын болды

11.10.2024

Қазақстандықтар несиені бұрынғыдан да көп алатын болыпты. Бұл - Ұлттық банктің жүргізген статистика. 1 тамыздағы жағдай бойынша, отандастарымыздың банк алдындағы жалпы қарызы 37,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға көп.

Қарыздың жартысынан көбі тұтынушылық қажеттіліктер үшін алынған. 17 трлн теңгесі кәсіпкерлердің еншісінде. Басым бөлігі- теңгемен берілген.

Нақтырақ айтсақ, ұлттық валютада рәсімделген қарыз көлемі 34 трлн теңге. Шетел валютасында 3,4 трлн теңге.

Көрсеткіш -  2024 жылғы 1 тамыз - өсу пайызы (%)

Жалпы несие көлемі - 37,8 трлн теңге 21,3%

Халыққа берілген несие - 20,3 трлн теңге 24,4%

Бизнеске берілген несие - 17,4 трлн теңге 17,8%

Ұлттық валютадағы несие - 34,4 трлн теңге 19,6%

Шетел валютасындағы несие - 3,4 трлн теңге 41,3%

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу