Мемлекеттік кеңесші Алматыға жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивте болды. Архив қызметімен танысқан Ерлан Қарин, Үкіметтің «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында көптеген жұмыс атқарылғанын атап өтті. Мәселен Қазақстан тарихына қатысты бірегей архив құжаттарын цифрландыру үшін ауқымды шаралар қолға алынды. Ал, Орталық мемлекеттік архивтің директоры архив құжаттарын сақтау және есепке алу тәртібі туралы баяндады. Сонымен қатар, ғасырдан астам тарихы бар мекеме аса құнды құжаттар мен материалдар қорын жинақтағанын айтты. Мемлекеттік кеңесші еліміздің архив ісін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.
Нұрсұлтан Тілектес