Бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым мерзімі ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым мерзімі ұзарды

12.10.2024

Бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін ел аумағынан шығаруға тыйым мерзімі, тағы 6 айға ұзартылды. Тіпті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға болмайды.

Бұйрыққа Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары қол қойды. Демек, келесі жылдың 29 наурызына дейін жанармай, дизель отынын өзіңізбен бірге ел аумағынан алып шықсаңыз, Заң алдында жауап бересіз.


Хабарламаларға жазылу