Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Павлодар облысынада шаруалармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Павлодар облысынада шаруалармен кездесті

12.10.2024

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Павлодар облысынада шаруалармен кездесті. Сыйымдылығы 10 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы мен 1,2 мың мал басына арналған тауарлы-сүт фермасын аралады. Биыл егістік көлемі 1,6 млн гектар алқапты қамтиды.

Бұл жолы егіннің басым бөлігі – 4-5-ші сыныптағы сұрып. Келесі жылы суармалы егін шаруашылығын дамытуға аустралиялық әдіспен қолдау көрсетілетінін жеткізді. Саланы дамыту үшін отандық жаңбырлатып суаратын қондырғылар өндірісін қолға алынады. Жеңілдетілген несие беру арқылы қолдау көрсететін суармалы жерлерді дамыту жөніндегі бағдарлама әзірленеді.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары:

Бірінші кезекте, аустралиялық әдіспен жүзеге асырылатын жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте суармалы егін шаруашылығын дамытуға да қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар Ертіс өзені мен Қ.Сәтбаев атындағы каналдың әлеуеті Павлодар облысында 200 мың гектарға жуық жерді суармалы алқапқа айналдыру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. 


Хабарламаларға жазылу