Астанадағы білім беру мекемелерінде 2500 түп ағаш отырғызылды. Нақтырақ айтсақ 68 мектеп пен 40-тан астам балабақшаның аумағы көгалдандырылды. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылды.
Бүгін Оқу-ағарту мен Экология және табиғи ресурстар министрі қаладағы №103 орта мектепке барып, ағаш екті. Сондай-ақ мектеп оқушыларымен қоршаған ортаны қорғауға арналған трениг өткізді.
Ерлан Нысанбаев – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Кешеден бастадық, бүгін толығымен 2500 ағаш отырғыщдық. Мектептерге 25-тен бердік. 15 данадан әр балабақшаға, жайлы мектептерге 50-данадан бердік.
Ғани Бейсембаев – ҚР Оқу-Ағарту Министрі:
Бұл да жастардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өзінің қаласына деген қамқорлық және оны аялай білуге бағыттай үлкен іс-шара деп есептеймін. 01:14 Бұл бастама өте жақсы және бұл тек бір реттік емес министрлің айтуы бойынша келесі жылы да еліміздегі басқа да мектептерге осындай қолдау көрсету жоспарланып отыр.