Францияның шығысында үйлерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияның шығысында үйлерді су басты

12.10.2024

Францияның шығысында жауындатып соққан «Кирк» дауылының зардабымен күрес жалғасып жатыр. Елдің 30-дан астам департаментінде су тасқынынан қауіп төнгені ескертілді. Және де бірнеше үйді су басып, талай тұрғын жарықсыз, таза сусыз отыр.

Ал Париж маңындағы Эссон департаментінде кейбір тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, осы дауылдан Еуропаның орталығындағы бірнеше мемлекетте тасқын жүріп, Польшада 1 600 адам эвакуацияланған.


Хабарламаларға жазылу