Американың "Боинг" компаниясы 17 мың жұмыс орнын қысқартатынын жариялады. Және де авиациялық кәсіпорын 777 маркалы ұшақтарын жеткізуді бір жылға кешіктіруге мәжбүр.
Компания басшылығының мәлімдеуінше, мұндай жағдайдың қалыптасуына 33 мың адамның бір айдан бері ереуілді доғармауы себепші. Жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етіп жатыр. Осы акция салдарынан "Боинг" 737, 767, 777 ұшақтарын шығаруды тоқтатып, үшінші тоқсанды рекордтық 5 миллиард доллар шығынмен аяқтаған.