Астанадағы мүмкіндігі шектеулі жандар біржолғы төлем алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы мүмкіндігі шектеулі жандар біржолғы төлем алады

12.10.2024

Алдағы жексенбі мүмкіндігі шектеулі жандардың күні. Осыған орай Астанада мүгедектігі бар азаматтарға ақшалай төлем беріледі. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаржылай төлем- біржолғы әлеуметтік көмек ретінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, көмекті тек Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын адамдар алады.

Бірінші топтағы мүгедектерге 20 АЕК немесе 73 мың теңге беріледі. Екінші топтағы мүгедектерге және барлық топтағы 18 жасқа дейінгі балаларға – 36 мың теңге, үшінші топтағы жандарға 5 АЕК немесе 18 мың теңге төленеді. Биыл мұндай төлемді 26 мыңнан аса ересек азамат және 18 жасқа дейінгі 10 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі бала алуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу