«Хезболла» Израильдің әскери базасын дронмен атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Хезболла» Израильдің әскери базасын дронмен атқылады

14.10.2024

Ливандық «Хезболла» тобы Израильдің солтүстігіндегі әскери базаны дронмен атқылады. Шабуылдан 4 сарбаз қаза тауып, 60-тан астам адам жараланған. Олар машинамен және жедел жәрдем көліктерімен ауруханаға жеткізілді.

«Хезболла» бұл шабуылға Израильдің Ливанның оңтүстігі мен Бейрутке бейсенбіде жасаған соққысына жауап ретінде барғанын мәлімдеп отыр. Бұған қоса ливандық топ Израильдің әскери операциясы тоқтамаса, қайта шабуыл жасайтынын ескертті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу