Президенттің «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

14.10.2024

«Chevron» компаниясы өз қаражатымен Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешов хабарлады. Қазір ел бойынша газ тұтыну мөлшері еселеп артып жатыр. Сондықтан жаңа орындарды анықтаудың маңызы артқан. Сондай-ақ ол Президентке газ құбырларын салу жобалары туралы ақпарат берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:

Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп бердім. «QazaqGaz» ұлтық компаниясы күзгі, қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын аяқтады. Ұлттық компания жүзеге асырып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндадым. Олардың ішінде «Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші тармағының құрылысы бітті. Алматыдағы 2-3 ЖЭО арналған газ инфрақұрылымдық жобалары аяқталды және де тағы да басқа жаңа газ нысандары салынуда.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу