Шымкентте жалған құжатпен 6,4 млрд теңге табыс тапқандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жалған құжатпен 6,4 млрд теңге табыс тапқандар анықталды

14.10.2024

Шымкентте 5 құрылыс компаниясы көлеңкелі іспен айналысып, 6,4 миллиард теңге пайда тапқан. Олар осы қаржыға ешқандай жұмыс атқармастан жалған шот-фактура беріп келген. Іс жүзінде қызмет көрсетілмеген, сатып алынған тауарлар ешқайда жөнелтілмеген. Осы фактіге байланысты қала прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Құжаттар экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында сотқа 4 талап арыз беріліп отыр. Олар қазір қаралу сатысында. Тексеріс нәтижесінде осы іс-әрекетті бақыламаған 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әлі де мән-жайлар анықталуда.

Нұрдәулет Қарымсақов, Шымкент қаласы прокуратурасының аға прокуроры:

Тексеріспен 2022-2024 аралығын қарадық. Осы жылдар аралығында жасалған заңбұзушылықтар. Қазір енді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Компания директорлары, құрылтайшылардан жауап алып, қаржылық құжаттарды жинап сотқа дайындайды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу