Қытай Тайваньға сес көрсетіп, әскери жаттығу өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Тайваньға сес көрсетіп, әскери жаттығу өткізуде

14.10.2024

Қытай Тайваньға жақын маңда әскери жаттығу өткізіп жатыр. Бейжің «Жаттығулар Тайвань тәуелсіздігіне ұмтылған күштердің сепаратистік әрекеттеріне қарсы қатаң ескерту»,- деп мәлімдеді. Ал аралдың Қорғаныс министрлігі ресми Бейжіңнің бұл әрекетін қисынcыз және арандату деп сынап, өз қарулы күштерін шоғырландырғанын мәлімдеді. Қытай әскери жаттығуды арал президентінің өткен аптадағы сөзінен кейін бастап отыр. Ұлттық күнді атап өту кезінде Лай Циндэ, «Аралды аннексиялауға қарсы кез-келген әрекетке қарсы тұратынын және 23 миллион халықтың атынан сөз сөйлеуге Бейжіңнің құқығы жоқ» деп мәлімдеді. Қытай Тайваньді бүлікшіл провинция деп санайтынын, қажет болса, ол Қытайға әскери күш арқылы қайтарылуы керек екенін бірнеше мәрте қайталап келеді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу