71 мың оқушы жекеменшік мектептерге ауысып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

71 мың оқушы жекеменшік мектептерге ауысып кеткен

14.10.2024

2023-2024 оқу жылында мемлекеттік мектептерде білім алып жүрген 71 мың оқушы жекеменшік білім ордаларына ауысып кеткен. Салдарынан қаржы тапшылығы сезіліп отыр. Бұл туралы өткен аптада Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйенсова мәлімдеді. Оның айтуынша, жекеменшік мектептерді қаржыландыруға 66,7 млрд теңге қажет. Оқу-ағарту министрі бұған жекеменшік мектеп санының арту себеп дейді. Мәселен, 2022 жылы 527 жекемекеншік мектеп жұмыс істесе, 2023 жылы олардың саны 616-ға жеткен. Ал биыл бұл көрсеткіш 677-ге өскен. Бүгінде жекеменшік мектепетерде 251 мыңнан астам бала білім алып жатыр.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Мемлекет тарапынан алынып жатқан жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберіндегі қаржы жекеменшік мектерге де беріліп отыр. Жалпы, мектептің ғимараты жекеменшік болғанымен ондағы білімнің мемлекет төлеп жатқан қаржы есебінен беріліп жатқанының белгісі. Жекеменшік мектепке кетуіміз, жекеменшік мектердің дамуы, олардың көптеп ашылуы оқушылардың, ата-аналардың қалауымен сол мектептерге ауысуы заңды құбылыс.


Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу