Мемлекетке 177 млрд теңге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке 177 млрд теңге қайтарылды

14.10.2024

Вилла, пәтер, қымбат автокөлік. Мемлекетке қайтарылған заңсыз актив көлемі тағы миллиардтармен толыға түсті.

Бас прокуратура жанындағы Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеттің хабарлауынша арнайы Мемлекеттік қорға 177 миллиард теңге аударылды. Оның 6 миллиарды түрлі дүние мүліктен түскен. Олар екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесі мен екі бағалы автокөлік. Қайтарылған қаражат елдің әлеуметтік, экономикалық жобаларын іске асыру үшін жұмсалады делінген хабарламада.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу