Елімізде шаршы метр бағасы арзандай түсуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы осындай болжам жасап отыр.
Ермек Мүсіреповтың сөзінше жыл соңына дейін тұрғын үйлердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыздай арзандауы тиіс. Қазірдің өзінде бұл көрсеткішке жетіп қалдық дейді ол. Бағаның арзандауына сатып алушылардың азаюы әсер етпек. Ұлтық статистика бюросының дерегінше қазір қолданыстағы үйлердің шаршы метрі орта есеппен 495 мың теңге, ал жаңа үйлердікі 511 мың теңгеге тең.
Досжан Маратұлы