19 мың такси жүргізушісі қызметін заңдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 мың такси жүргізушісі қызметін заңдастырды

14.10.2024

Елімізде қызметін заңдастырған такси жүргізушілерінің саны 19 мыңға жетті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі хабарлады. Светлана Жақыпованың айтуынша бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдап, салықтық түсімдерді арттыра түседі. Өйткені қызметін заңдастырған такси жүргізушілері таксопарктің қызмет ақысынан босатылады. Тек тапқан ақшасының бір пайызын салыққа, бір пайызын әлеуметтік төлемдерге жұмсауы қажет.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу