Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай суретшілердің республикалық симпозиумы өтті. Шежірелі өңірдің тарихы мен табиғатын, құндылықтары мен байлығын көркемсурет арқылы паш ету мақсатындағы шараға 25 суретші қатысты. Олар екі күн бойы Қаратау бөктеріндегі тамаша көріністі қағаз бетіне бейнелеп, айналадағы көз тоймас керемет көріністі қылқаламмен жеткізді. Түкті кілемдей құлпырған жота, сылдырай аққан бұлақ, жасыл құрақ сырлы бояумен суреттелді. «Жайнай бер, Қызылорда!» тақырыбында салынған бұл суреттер өңір тарихында қалады. Сондықтан, әрбір қылқалам шеберіне құрмет-қошемет көрсетілді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ