Елімізде жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 100-ден астам өрт болған. Қайғылы жағдай кезінде 17 адам қайтыс болып, 13 адам жарақат алған. Көз жұмғандардың алтауы бала. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің ақпаратынша, жыл басынан бері 8 мың өрт оқиғасы тіркелген. 213 тұрғын зардап шегіп, тағы 213-і марқұм болған. Статистика бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Алматы, Маңғыстау облысында өрт көбейген. Қаза тапқандардың көбі Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары.
Асылбек Данияр