Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын енді жасанды интеллект бағалайды. Бүгін аталған сала агенттігі, Сенат депутаттары және тағы бірқатар ведомство өкілдері жиналып, осы мәселені талқылады. Мақсат – мемлекеттік қызметтегі адами факторды азайту және білікті маман санын арттыру. Ол үшін мемлекеттік қызметке қабылдау әдісі жеңілдетілмек. Мәселен басқа саладан келген мамандардың еңбек өтілі бұрын мемлекеттік қызметте есептелмесе, бұдан былай назарға алынбақ. Сондай-ақ оларды конкурстан тыс басшылық лауазымдарға тағайындау институты енгізілді. Бүгінде елімізде 83 мыңдай мемлекеттік қызметші бар. Олардың жұмысын қадағалау, бағалау процесін оңтайландыру үшін бұдан былай жасанды интеллект қолданылмақ.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Кім қандай жұмыс атқарып жатыр, кім қандай заңнамалық өзгерістерге атсалысып жатыр, кім қоғаммен коммуникация орнатып, жұмыс істеп көрініп жатыр. Осының бәрін автоматтық жүйеде бағалауды «Жасанды интеллектке», роботқа берсек деген ой бар.
Нұрсұлтан Тілектес