Қаржы алаяқтарына алданбас үшін платформа жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы алаяқтарына алданбас үшін платформа жасалды

15.10.2024

Қаржы алаяқтарының тұзағына түспес үшін арнайы платформа әзірленді. Жедел желі алдаудың құрығына түсіп, қыруар қаражатынан айырылған азаматтарға да көмектеседі. Қоғамдық «ҚазТек» қауымдастығы аясында Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Қоғамдық ұйым қарапайым азаматтардың қаржылық, ақпараттық және цифрлық сауаттылығын арттыруды көздейді. Қазір интернет алаяқтықтың түрі көбейіп, сан соғып қалатындардың қатары да күн сайын артып жатыр. Алаяқтар тек Қазақстанда емес, одан да тыс жерлерде әрекет еткендіктен, бұл қылмыс түрі халықаралық сипатқа ие дейді мамандар. Сондықтан елімізде салған ақшасын қайтарып алатындар да некен-саяқ. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті осындай қылмыстардың санын азайту үшін тұрғындарға сауаттылықты үйретуді қолға алмақ.

Евгений Питолин, «QazTech» қауымдастығы ақпараттық комитетінің төрағасы

Біз жоба аясында «Сандық отбасы» тұжырымдамасын енгізбекшіміз. Бұл дегеніңіз өзіңізді және бүкіл жақыныңызды алаяқтардан сақтаудың жолын үйрету. Әр адам технологияны қолданады, кейде байқаусызда өзінің құпия мәліметтерін сол ғаламторға енгізіп жатады. Сондықтан біз қарапайым тұрғындарды ақпараттық сауаттылыққа, сандық қауіпсіздік мәселесіне үйретеміз.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу