Қарағанды облысында 1 млн 300 мың тонна астық жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 1 млн 300 мың тонна астық жиналды

15.10.2024

Қарағанды облысында биыл 1 миллион 300 мың тонна астық жиналды. Мұндай жоғарғы көрсеткіш соңғы он жылда болмаған. Жайлы күн райы мен диқандардың дамылсыз еңбегінің арқасында рекордтық көрсеткіш тіркелді. Енді бұл өнімнің 30 мың тоннасы Өзбекстанға экспортталмақ. Алдағы уақытта саудаға Ауғанстан мен Иран да араласуы мүмкін. Өңір астық көлемі бойынша елімізде үштікті түйіндеп тұр.

Саят Мусин, облыстық а/ш басқармасының басшысы:

Орташа жоспарда 800 мың тонна өнім аламыз деп ойладық. Бұл жан-жақты жұмыс, мемлекеттің көмегі мен ауыл шаруашылығының қарқынды еңбегі. Оны да айта кету керек. Қазақстан бойынша алсақ, біздің өнім сапасы жағынан өте жоғары.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу