Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Люксембургте өткен «Қазақстан – Еуропалық Одақ» ынтымақ кеңесінің 21-отырысына қатысты. Басқосуда қазақ экономикасына инвестиция мен озық технология тарту, сирек металдарды бірлесіп өндіру, өңдеу, энергетика және көлік саласындағы ынтымақты арттыру жайы талқыланды. ЕуроОдақ тарапы «Жаһандық қақпа» стратегиясы аясында сараптама және инвестиция тарту арқылы «Транскаспий» көлік дәлізін дамытуға мүдделі. Ресми сапары аясында Мұрат Нұртілеу Ұлы Герцогтің Премьер Министрі Люк Фриденмен, Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Ксавье Беттельмен кездесті. Тараптар «Жасыл энергетика» арқылы тұрақты даму, фармацевтика, көлік инфрақұрылымы сынды әлеуеті зор жобаларды талқылап, ынтымақты күшейтуге уағдаласты.
Нұрсұлу Қасым