Жылыту маусымы басталғалы 17 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылыту маусымы басталғалы 17 адам қайтыс болды

15.10.2024

Жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 100-ден астам өрт болған. Қайғылы жағдай кезінде 17 адам қайтыс болса, 13 адам жарақат алған. Көз жұмғандардың алтауы бала.
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің ақпаратынша, жыл басынан бері 8 мың өрт оқиғасы тіркелген. 213 тұрғын зардап шегіп, тағы 213-і марқұм болған.
Статистика бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Алматы, Маңғыстау облысында өрт көбейген. Қаза тапқандардың көбі – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары.
Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу