Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам жарақат алды

16.10.2024

Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті. Жұмысшылар жедел ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары орташа. Апат Жезқазған қаласынан 65 шақырым жерде болған. Барлығы 6 вагон зақымданған. Тіпті кейбірі рельстен шығып, аударылып қалған.

Қазір теміржол бойы тазартылып, қалпына келтіріліп жатыр. «Ешқандай пойыз қатынасына кедергі келтірмейді», - дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, 1 апта бұрын Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен еді. Апат себебі әлі анықталуда.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу