Алматыда «Қарызыңды төле, өсімпұлды есептен шығарамыз» науқаны басталды. Акция жылуды пайдаланып, алайда ақшасын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға арналады. Ол үшін тұрғындар желтоқсанға дейін берешекті толық өтеуі керек. Содан соң «Алматы жылу желілері» мекемесіне жазбаша өтініш беруі тиіс.
Айта кетейік, қарыз төленбеген жағдайда тұрғындар жылу мен ыстық судан ажыратылады. Ал берешек сот арқылы мүлік пен есепшотқа тыйым салумен өндіріледі. Соңғы жылдары коммуналдық қызмет елімізде 16 %-ға қымбаттады. Десе де, әр аймақта тариф әртүрлі. Дегенмен еліміз бойынша Алматы тұрғындары орталықтандырылған жылу мен ыстық суға көп төлейді.
Айдана Қуантхан