Алматыда халықтың осал топтары тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықтың осал топтары тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады

16.10.2024

Алматыда осал топ өкілдері тұрғын үй сертификатын алуға өтініш бере алады. «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы аясында қалалық мәслихат шешімімен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін сертификат беріледі. Сомма құны - 1,5 миллион теңге.

Айта кетейік, әлеуметтік осал топ өкілдеріне: 1-ші, 2-ші топтағы мүгедек, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-аналар мен жетім балалар кіреді. Бастапқы жарна қайтарымсыз әрі өтеусіз беріледі. Ал сертификат алу үшін алдымен отбасының орташа табысын растау қажет. Және оның шекті бағасы 134 561 теңгеден аспауы тиіс.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу