SIM-карта сатуға шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

SIM-карта сатуға шектеу қойылады

16.10.2024

Елімізде SIM-карта сатуға шектеу қойылмақ. Абоненттік нөмірді енді eGov порталы арқылы ғана алуға болады. Бір азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков Мәжіліс отырысында айтты. Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл интернет алаяқтық қылмыстардың алдын-алу үшін қабылданған шара. Себебі қазақстандық нөмір арқылы әккі айлаларын іске асырып жүргендер көбейді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елде қолға түскен 3 қылмыстық топтан бүгінде 3500-ден астам SIM-карта тәркіленген.

Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:

Егер азаматтар бірнеше SIM-карта пайдаланатын болса, әр нөмір үшін есеп беруі керек. Біз алдағы уақытта осындай ұсыныспен шығамыз. Депутаттар қолдау көрсетеді деген ойдамын.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу