Қазақстанға ресми сапары аясында Армения Президенті Ваагн Хачатурян Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды. Арменияның геосаяси дамуы бойынша ақпарат берді. Елдің көршілес мемлекеттермен логистикалық хаб орнату, басқа елдермен қарым-қатынасты нығайту бағытында атқарып жатқан жұмыстарды ортаға салды. Ал дәріс соңында академия студенттері Армения Президентімен тілдесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.
Темірлан Сайлауұлы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты:
Бүгінгі Армения президентімен кездесуде мен үлкен әсер алдым. Армения бойынша ақпарат бергені, сонымен қатар, Армения бойынша макроэкономикалық көрсеткішпен бізді таныстырғаны ерекше сипатқа ие. Ол өз сөзінде айтты, ең басты назар білімге берілу керек. Сондықтан меніңше, бұл үлкен сигнал, бізге – студенттерге.
Темірлан Нұрсолтан