Ақтөбе облысында екі ауылға көгілдір отын берілді. Темір ауданына қарасты Алтықарасу елді мекеніне құбыр тарту жұмысы екі жыл бұрын аяқталған еді.
Алайда қосу нүктесі Еңбекші ауылында болғандықтан, тұрғындар көгілдір отынға енді ғана қол жеткізіп отыр. Мердігер мекеме жалпы ұзындығы 61 шақырым газ желісін жүргізді. Алтықарасуда 179, Еңбекшіде 81 үй бар. Екі ауылдағы халықтың жалпы саны 900-ден асады. Бұл күн тұрғындар үшін нағыз мерекеге айналды. Осылайша Темір ауданындағы елді мекендердің 96 пайызға жуығы көгілдір отынмен қамтылды.
Нұрия Кәденова, Алтықарасу ауылының тұрғыны:
Қуаныштан толқып сөйлей алмай тұрмын. Газ келсе енді. Бұрын мықты бейнет көрдік, от жағып, күл алып. Өте қуаныштымын!
Жақсыбек Кемал