Жыл соңына дейін Алматы қаласына 2 трлн теңге инвестиция тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін Алматы қаласына 2 трлн теңге инвестиция тартылады

16.10.2024

Жыл соңына дейін Алматы қаласына 2 триллион теңге инвестиция тартылады. Қазір бұл сома 1 трлн 133 млрд теңгеге жеткен. Қала әкімі Ерболат Досаев Президентке 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады. Жыл басынан бері қала бюджеті 204 миллиард теңгеге артып, 1 трлн 830 миллиард теңгеге жуықтаған. Биыл денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған бюджет 2,5 есе өсіп, 26 миллиард теңгеге жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін арттыру, қоғамдық көліктерді экологиялық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу