Елімізде спорт федерацияларының қаржысын тексеретін комиссия құрылды. Оның құрамына салалық министрлік пен аймақтық дене шынықтыру басқармаларының қызметкерлері кіреді. Қазір олар өңірлерді аралап жүр. Жұмыс тобы республикалық федерациялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды. Сондай-ақ спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру тетіктерін пысықтайды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін нақтылайды. Өңірлердегі спорт саласына жауапты басқарма басшыларын тағайындау кезінде уәкілетті органмен келісуге байланысты ұсыныстар береді. «Бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен спорт түрлерін қаржыландыру мен басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында қолға алынды», - деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Қаракөз Тұрмағанбет