Ауыл жастарының бизнеске ынтасын оятып, қыр-сырын үйрететін көшпелі семинар өз мәресіне жетті. Арнайы жоба NEET (НИТ) санатындағы, яғни жұмыссыз немесе дипломсыз жастарды қамтыған. Екі жылда 3 мыңға жуық жас азамат жұмыс іздеудің жолдарын меңгеріп, бизнес-жоспар жазумен қоса, кәсіпкерліктің қыр-сырына қаныққан.
Жастарға арналған мемлекеттік гранттарға қалай қатысу керек екенін де үйренген. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен семинарлар аясында мамандар биыл 8 облыстағы жастармен жүздескен. Ал екі жылда барлық 17 облысты аралап қайтты.
Мерей Саматов, «Zhas project» жобасының жеңімпазы (Қостанай облысы):
Оқу жобасында «Zhas project» жобасы туралы естідім. Биыл өзімнің бағымды сынап көруге шештім. Менің ұсынған жобам жеңімпаздардың бірі болып шықты. Бір млн теңге ұтып алдым. Оған дейін жұмыссыз болдым. Бір млн теңгеге объектив алдым және дрон алдым. Курсты онлайн өткіземін. Осал топтағы жандарға камерамен қалай жұмыс істеу керек, репортаж жасауларды үйретемін, сюжет жасауды.
Қаракөз Тұрмағамбет