Елімізде газ инспекциясын қайта құру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде газ инспекциясын қайта құру ұсынылды

16.10.2024

Соңғы 4 жылда газды пайдалану ережесін сақтамау кесірінен 500-ден астам адам зардап шеккен. Адам өлімімен аяқталған апат та көп. Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Бақытқожа Ізмұхамбетов саладағы олқылықтарды тізіп берді. Біріншіден, бақылау нашар, екіншіден, бақылайтын маман аз.

Оның үстіне, арнайы база мен қажетті құрылғы жоқ. Сондықтан депутат Газ инспекциясын қайта құруды ұсынды. Айта кету керек бүгінде еліміздің 11 облысы мен 3 ірі қаласында газ тарату жүйесі бар. Бұл көрсеткіш жыл санып артқанына байланысты арнайы инспекция ауадай қажет деді, депутат.

Бақытқожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Бұрыңғы газ инспекциясы құрылмаса бұл қауіп пен қатер азаймайды. Керекті қаржыға келсек, қираған ғимараттардың құны бұл шығыннан әлдеқайда көп. Адам қаупсіздігінен қаржы үнемдеудің керек емес екені сірә дә белгілі. Сондықтан, газ пайдалану қауіпсіздігін қадағалайтын және жауап беретін органды қарастыруды ұсынамын. 


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу