Түркияның Малатия облысында қуаты 5,9 балдық жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Малатия облысында қуаты 5,9 балдық жер сілкінісі болды

16.10.2024

Түркияның оңтүстік шығысындағы Малатия облысында қуаты 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентрі 10 шақырым тереңдікте болған зілзаланың тербелісі көршілес жатқан бірнеше облыста да сезілген. Мамандардың хабарлауынша жер дүмпуінен бірнеше ғимаратқа зақым келген және оншақты адам жараланған.

Оқиғаның анық-қанығын білу үшін эфирге Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлын қосамыз. Айдос жер сілкінісі туралы толығырақ айтып берсеңіз.

Айдос Әшімұлы - тілші:

Жер сілкінісі Түркияның Малатия облысына қарасты Кале ауданында жергілікті уақытпен таңертеңгі 11 лер шамасында болды. Қуатты жер дүмпуі Малатияға көршілес жатқан 4-5 қалаға да сезілген. Зілзаладан 3 ғимарат жартылай қираған. Дегенмен ауыр жараланғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Жеңіл жараланған 40 адамның көпшілігі жер қозғалғанда қорқыныштан жоғары қабаттан секіріп кеткендер деді өңір басшысы. Олардың ешқайсының өміріне қауіп төніп тұрмағанын жеткізді дәрігерлер.

Айдос Әшімұлы - тілші:

Мамандар қуатты жер сілкінісі болмайтынын, тек 2,3 балдық афтершоктар қайталануы мүмкін екенін айтады. Дегенмен қауіпсіздік мақсатында Малатиядағы барлық мектептерге бір күндік демалыс берілді. Арнайы қызметтер ескі ғимараттарды тағы бір тексеріп жатыр. Тұрғындардың бүгін кешке дейін ашық алаңдарда болуы ескертілді. Оларға ыстық тамақ пен сусын таратылып жатыр. Сондай-ақ қоғамдық көлік те тегін жүретін болды.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу