Жыл соңына дейін Алматы қаласына 2 триллион теңге инвестиция тартылады. Қазір бұл сома 1 трлн 133 млрд теңгеге жеткен. Қала әкімі Ерболат Досаев Президентке 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады.
Жыл басынан бері қала бюджеті 204 миллиард теңгеге артып, 1 трлн 830 миллиард теңгеге жуықтаған. Биыл денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған бюджет 2,5 есе өсіп, 26 миллиард теңгеге жетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін арттыру, қоғамдық көліктерді экологиялық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы