Атырауда базар ішінде зейнеткерді ұрып өлтірген күдіктіге қатысты алғашқы сот отырысы өтті. 39 жастағы жеке кәсіпкер кінәсін ішінара мойындап отыр. Қылмыс маусым айында болды. Зейнеткер «Газель» машинасымен жеңіл көлікті сырып кеткені үшін, көлік иесі оны өлімші етіп сабап тастаған болатын. Жәбірленуші ауыр соққыдан есін жинамаған күйі ауруханада қайтыс болды. Сот отырысы екі аптадан соң қайта жалғасады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт