Теміртауда трамвай қайта жүре бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда трамвай қайта жүре бастады

17.10.2024

Теміртауда трамвай көлігі қайта жүре бастады. Экологиялық жағынан тиімді қоғамдық көлік әзірге сынақ режимінде қатынайды. Бүгінде 15 шақырымнан астам жерге жаңа рельс төселген. Қалада 8 вагон жолаушыларды тасымалдайтын болады.
Алексей Давыдов, «Qarmet» АҚ күрделі құрылыс жөніндегі директорының орынбасары:
Толықтай жаңарту жұмыстарын жүргіздік. Трамвай релісінің 70 пайызы ауыстырылды. Жаңа түйіспелі сымның жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда барлығы дайын тұр.
Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу