Аягөз тұрғындары жылусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөз тұрғындары жылусыз отыр

17.10.2024

Абай облысы Аягөз қаласындағы тұрғындардың дені «әлі жылусыз отырмыз» деп наразы. Жергілікті халықтың айтуынша кейбір мектеп, балабақшалар жылуға қосылмаған. Биыл қалада 4 шақырымға жуық жылу желілері жаңартылған. Бірақ құрылыс қара күзге дейін созылған. Өйткені «АСТ химпром» атты мердігер компаниямен 302 миллион теңгеге келісімшарт тамыз айында ғана жасалған. Енді халық «кеш басталған жұмыстың зардабын шегудеміз» дейді. Қала әкімшілігі жылудың жоқтығына орталық қазандықтағы ақау себеп болғанын жасырмайды.

Айтуларынша кемшіліктерді жойып, бүгіннен бастап барлық үйге жылу жіберіліп жатыр.

Жансая Сәрсетайқызы, Аягөз қаласының тұрғыны:

Қазанның 17 болды. Әлі жылу жоқ. Садик ол істемейді. Оқу ол оқымайды. Қалада тұрамыз, ешқандай жағдай жоқ. Бір-ақ қазандық бүкіл қала бойынша.

Қанат Әділбаев, Аягөз ауданының әкімі:

Мердігер мекеме материалдарды кешіктіріп әкелгендіктен, жылу 14 қазаннан беріле бастады. Авария болған соң, оның салдарын шешуге барлық күш жігерімізді салдық. Соны шешіп, қазір орталық қазандық халыққа толық жылу беріп отыр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу