Шығыстағы Риддер қаласы мен Қатонқарағай ауданындағы тұтынушыларға электр және су беретін компания 100 миллион теңге қайтаратын болды. Монополияға қарсы қызмет жүргізген тексеріс барысында коммуналдық кәсіпорындар тарифті негізсіз көтергені анықталды.
Монополист компаниялар тарифті көтергенде жұмысшылардың жалақасын өсіру туралы уәж айтқан. Алайда олар шын мәнінде еңбекақыны көтермеген. Құрал-жабдықтарды да жаңартпаған. Ұзақ тексерістен соң құзырлы орган жылу мен электр бағасын қайта төмендету туралы шешім шығарды.
Жұмагүл Мүсіпова, өңірлік табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының міндетін атқарушы:
Ол тариф 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Нәтижесінде Қатонқарағай ауданының тұрғындарына сумен жабдықтау қызметіне тарифтер 1% төмендеді және жылумен жабдықтау тарифі 19% төмендеген болатын.
Олжас Керейхан