Елімізде 400 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 56 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бұл көмек түрі табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын отбасыларға беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша Мәнсап орталығына, әкімдікке барып немесе eGov порталы арқылы беруге болады. Бүгінде атаулы әлеуметтік көмекпен бірге жұмыс та ұсынылады. Өз ісін ашуға ниеті бар отбасыларға грант беріліп, біліктілікті арттыру курстарына да жіберіледі. Мақсат – халықты кедейлік шегінен құтқарып, табысын арттыруға жәрдемдесу.
Еске салайық, былтыр атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ең көбі Түркістан облысында тіркелді. Екіншісі Шымкентте, үшінші орында Қызылорда облысы болды.
Самал Қабышева