Боливияда орман өртінің түтіні мен аптап ыстықтан құстар қырылып жатыр. Мұны Санта-Круз аймағының фермерлер қауымдастығы хабарлады. Өлген тауықтар саны 5 пайызға артып, құс етінің бағасы бірден 2 жарым долларға қымбаттаған.
Айта кетсек, биылғы өрт маусымында Боливияда 10 миллион гектар орман алқабы жанып кетті. Бұл – Исландияның немесе Кубаның көлеміндей аумақ. Лапылдаған жалын негізінен елдің Бразилиямен шекаралас гүлденген ауыл шаруашылығы аймағын шарпып жатыр.
Арыстан Рысбек