Әлемге әйгілі өнертапқыш кәсіпкер, миллиардер Илон Масктің анасы Мэй Маск Қазақстанға келді. Ол – өз мансабын алға қойған, түрлі қиындықтарды еңсеріп, табысқа жеткен сән әлеміндегі танымал тұлға. Мэй Маск гендерлік таптауырынды жеңе отырып жетістікке жету, бала тәрбиесі мен әдемі қартаюдың сырымен бөліседі. Сондай-ақ көшбасшылық, кәсіпкерлік, қаржылық сауат және денсаулық тақырыптарын да қозғайды.
Жалпы жиында экономика мен бизнес, қаржы саласының топ-менеджерлері, қоғамдық жұмыстарда көшбасшы болып жүрген қыз-келіншектер бас қосты. Оған 12 елден 100-ден аса спикер келді.
Дина Әмрішева, Қазақстандағы «БҰҰ – әйелдер» құрылымының басшысы:
Мұндай іс-шараларды өткізу маңызды. Себебі Орталық Азия әйелдерінің дамуы аймағы, өсу драйверіне, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап беретін алаң керек. Әйел теңдігі қай кезде де өзекті тақырып. Қазір қоғамның түрлі саласының дамуына үлес қосып жүрген әйелдер көп. Ал оларды барынша қолдаған жөн.
Айдана Қуантхан