Мемлекеттік кеңесші халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерімен кездесті

17.10.2024

Мемлекеттік кеңесші халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлерімен кездесті. Ерлан Қарин қазақстандық оқушылардың жыл сайын әлемдік білім додаларында топ жарып жүргенін атап өтті. Биыл 26 отандасымыз медаль иеленіп, ел абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Президенттің жұртшылықты спортшыларға ғана емес, зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарына да лайықты құрмет көрсетуге шақырғанын еске салды. Соның аясында 2022 жылдан бастап халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына және олардың ұстаздарына ақшалай сыйлық табысталды. Ерлан Қарин елімізде жастардың өзін жан-жақты жетілдіруге барлық жағдай жасалғанын, әсіресе, білім мен ғылым саласында мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды. Кездесу соңында Ерлан Қарин олимпиада жеңімпаздарына жылы лебізін білдіріп, ел жастарына үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу