Президент Премьер-Министрді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Премьер-Министрді қабылдады

17.10.2024

Биылғы қаңтар-тамыз айларында ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түскен. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Ал сыртқы тауар айналымы 91,7 миллиард долларға жеткен. Оның ішінде экспорттың үлесі 3,3 пайызға көбейді. Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде экономиканы әртараптандыру шаралары күшейтілген. Өз кезегінде Президент Үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде инновацияны дамыту, ірі индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шараларын жалғастыруды тапсырды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу