Алматының қақ ортасындағы көп қабатты «Престиж» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тапа-тал түсте жетінші қабаттағы пәтер өртеніп, қызыл жалын ғимараттың шатырына жеткен. Аумақта 60 маман мен 20-дан аса арнайы техника жұмыс істеді. Тілсіз жау 350 шаршы метрді шарпыған. Тұрғындар дер кезінде эвакуацияланып, ешкім зардап шекпеген. Өрт бір жарым сағаттың ішінде сөндірілді. Мамандар қызыл жалынның неден шыққанын анықтап жатыр.
Қуан Нұрақын