Әйел мен әдемілік егіз ұғым. Әлемге әйгілі америкалық өнертапқыш, миллиардер Илон Масктің анасы Мэй Маск осылай дейді. Ол Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумына қатысты. Отырыста көшбасшы әйел бала тәрбиесінде ана рөлінің маңызына тоқталды. Ол тұрмысы төмен отбасынан шығып, өз мансабын алға қою жолында кездескен түрлі қиындықтармен қалай күрескенін баяндады. Адам жан қалауы үшін өмір сүруі керек. Өзіңнің сүйікті ісіңді таппайынша тынбаған жөн. Ұзақ, табысты, бақытты өмірдің кілті осында, дейді Мэй Маск.
Мэй Маск, Илон Масктің анасы:
Мен ұлымның ерекше қабілетіне тәнтімін. Илон Маск - күн сияқты жарқырап тұрады. Мен оны күн деймін. Ол үздіксіз жұмыс істеуге әзір. Кейде түнгі 12.00-де кездесу ұйымдастырып, маңызды жобаларды талқылайтын кездері болады. Ал мен өз кезегімде ұлымды қолдауға дайынмын.
Айдана Қуантхан