Өскеменде ҰҒА форсайт орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде ҰҒА форсайт орталығы ашылды

18.10.2024

Қазақстандағы ғылымның тиімділігін арттыру үшін өңірлерде ғылыммен айналысатын ғалымдарға қаржылай қолдауды күшейту керек. Өйткені қазір ғылымға бөлінетін қаржының 75 пайызы Астана мен Алматыға беріледі. Осы тәріздес кейбір түйткілді мәселені шешу үшін өңірлерде бүгінге дейін 20 форсайттық кеңес өтті. Ұлттық ғылым академиясының президенті Өскемендегі қос университетте жүзеге асып жатқан ғылыми жобалармен танысты. Ғылыми кеңестің көшпелі отырысында өңірдегі ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ең негізгі мақсат – отандық ғылымды коммерцияландыру. Ал ғалымдарды өз саласы бойынша бағыттап, қолдау үшін алғашқы форсайттық кеңсе Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы университетте ашылды.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры:

Біз ұлттық ғылым академиясымен тікелей жұмыс жасаймыз. Форсайт зерттеулердің нәтижесінде осы өңірде ғылымның қай бағыттарын даматуымыз керек? Президенттің қойған тапсырмаларын қай бағытта дамытамыз? Осы мәселеллерді форсайт зерттейді.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу