Антикор Қызылордадағы аяқталмаған құрылыстарды бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антикор Қызылордадағы аяқталмаған құрылыстарды бақылауға алды

18.10.2024

Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті уақытында бітпеген құрылыстарды бақылауына алды. Құзырлы органның ықпалымен бүгінде екі нысан ел игілігіне беріліп, мәселе оң шешімін тапқан. Жалпы өңірде құрылыс мерзімі ұзаққа созылған 12 жоба анықталған. Соның ішінде биыл Қармақшы ауданындағы Төретам мен Ақай ауылын газдандыру жұмысы аяқталып, Жаңақорған ауданында тұрғындар көптен күткен Келінтөбе – Қандоз автожолындағы көпір пайдалануға берілді. Жергілікті сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Департамент қалған 10 нысан бойынша тиісті шаралар атқарып, мәселені бақылауға алып отыр.

Қуаныш Ахметқалиев, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің басшысы:

Облыста құрылыс нысандарын сапалы, әрі уақытылы тапсырылуына антикор волонтерлармен бірлесіп жүйелі түрде сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі. Бірінші ойымыз, мақсатты қаржыны жұмсау. Нысандар уақытында халыққа пайдалануға беру.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу