Қазақстанның астығы мен майлы дақылдарына Ресей шектеу қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның астығы мен майлы дақылдарына Ресей шектеу қойды

18.10.2024

Ресей Қазақстаннан бидай, жасымық, қызанақ, бұрыш пен қауын жеткізуге уақытша шектеу қойды. Мұндай шешімді ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет қабылдаған. Ресейлік мекеме оларды карантиндік тауардың тізіміне кіргізіп отыр. Шектеу қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Сонымен қатар Ресейге өзге елдерден күнбағыс тұқымын әкелуге уақытша тыйым салынды.

Жалпы Қазақстаннан астық пен майлы дақылдарды Ресейге жеткізу үлесі елдегі экспорттың жалпы көлемінде өте аз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу