Қызылордада автогаз бағасы арзандады. Жанармай құю бекеттерінде сұйық отын 70-тен 65 теңгеге түсті. Бүгінде аймақта газ тасымалдаушы 23 оператор белгіленген. Олардың жұмысын арнайы құрылған комиссия бақылауға алып, әлеуметтік газдың тұрғындарға қолжетімділігін қадағалауға кірісті. Сондай-ақ жұмысшы топ өңірге бөлінген автогаздың сыртқа тасымалдануына да шектеу қойып отыр. Облыста осы айға 8 мың 100 тонна арзан сұйық отын бөлініп, қазір соның тек жартысы ғана игерілген.
Әділбек Серікұлы